Оның айтуынша, 2025 - жылға қарай еңбек қатынастары, PR, бизнес модельдеріне әсер ететін өзгерістер болады. Озық корпоративтік ұсыныстардың 90%-ы жасанды интеллектпен жұмыс істейтін болады.
Oxford Insights зерттеулеріне сәйкес, Қазақстан 193 елдің арасында Үндістан мен Түркиядан кейінгі 72-орында, сондай-ақ Оңтүстік және Орталық Азия бойынша өңірлік рейтингте 3-орында.
«Бұл біздің әлеуетіміз жеткілікті екенін көрсетеді. Деректердің қолжетімділігі мен көрінісі, цифрлық әлеует және құқықтық база, цифрлық бизнес-модельдерге бейімделу – Қазақстанның мықты тұстары. Біз оған 20 жыл бойы енгізіліп келе жатқан цифрлық шешімдердің арқасында қол жеткіздік», - деп атап өтті спикер.