Оның хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысындағы 5 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 62%-ды құрады. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 59%-ға толды және штаттық режимде жұмыс істеуде. Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы бойынша су жинау көрсеткіші 98%-ды құрады. Өңірде су тасқыны кезеңі өтті. Қостанай облысындағы 2 ірі су қоймасы орта есеппен 95%-ға  толды. Аймақта су тасқыны байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының 2 ірі су қоймасы 100%-ға толды. 

«Су қоймалардағы казіргі су ағыны 1980 - жылдан бастап ең ірі болып табылады. Су объектілерінде жедел іс- шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су шаруашылығы жағдайына үздіксіз мониторинг жүргізіледі. Министрліктің мыңнан астам маманы мен 280  бірлік теxникасы жұмылдырылды. Сондай - ақ Қазақстан мен Ресей су тасқыны және гидротеxникалық ұйымдарының жұмысы туралы өзара жедел ақпарат алмасуда. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов РФ Су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен телефон арқылы тұрақты байланыста. Тараптар гидротеxникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін 2 елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр»,-деді спикер.