Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктері және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 2607 адам, оның ішінде 760 бала құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 7 миллионнан астам текше метр еріген су сорылды. 911мыңнан астам қапшық және 907 тонна инертті материал төселді. 


«Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 9 мыңнан астам адам, 2 мың бірлік теxника, 5 жүзге жуық жүзу және су айдау құралдары бар. Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның 10 әуе кемелері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3365 жеке тұрғын үй, 200 аула аумағы және 1059  саяжай үйлерін су астында қалуда. Сондай - ақ республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар су шайған 85 автожол және су жүрген 135 автожол республикалық штабтың бақылауында»,-деді спикер.