«Жергілікті ауқымдағы 6 ТЖ жарияланды. 6 896 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 580 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 1 333 адам қалып отыр, оның ішінде 536 бала бар; қосымша 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды, оған 8 596 адам сыяды», - деп хабарлады ОКҚ брифингінде БҚО ТЖД бастығының м.а. Руслан Қасыбаев.


Су тасқыны басталғаннан бері Облыстық азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысы басталып кетті, осыған ұқсас штабтар Орал қаласы мен облыс аудандарында да жұмыс істейді.


Орал, Шаған және Деркөл өзендері деңгейінің көтерілуіне байланысты ойпатты учаскелерде орналасқан саяжайлар мен тұрғын үйлерді су басу қаупі сақталуда. Олар Орал қаласының бақылауында. Инженерлік техниканы тарта отырып, 5 учаскеде қаптар төсеу және халықты ықтимал эвакуациялау туралы хабардар ету, сондай-ақ жағалауды нығайту жүргізіліп жатыр. Қауіп сақталып тұр. Елек және Орал өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Успеновка, Қарашығанақ, Димитрово, Жаңаталап елді мекендерін су басу қаупі сақталуда. Димитрово және Қарашығанақ кенттерінен 25 адам эвакуацияланды.


Ресей Федерациясының 5 шекаралас аймағының департаменті мен ТЖМ арасындағы өзара іс-қимыл аясында трансшекаралық өзендердің жағдайы бойынша жедел ақпарат алмасу жүргізілуде. Ресей тарапының ақпараты бойынша 2024- жылдың 6 - сәуірінде Ирикли су қоймасына құятын ағын азайып, 2020 м3/сек құрады, су тастау 2 170 м3/сек құрады. ГТҚ толтырудың орташа деңгейі 92% - құрайды. Аймақта жаңбыр, тұман болады деп болжануда.