Оның хабарлауынша, Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің деңгейі кезең-кезеңмен 2 метрге дейін көтерілуі байқалады, қатерлі деңгейі - 1,2 метр, соның салдарынан жағалау бойындағы аумақты су басуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, азаматтардың өмірі мен мүлкіне келтірілетін қауіпті төмендету үшін қосымша шаралар қолданылды.
«Ұзындығы 32 км болатын қорғаныс үймелері қосымша тұрғызылды, оның ішінде астана маңындағы аймақта 16 км астам топырақ жалы орнатылды. Су объектілерінің 18 шақырымдық жағалауы нығайтылды. Шығынды есептеу үшін комиссия құрылды, келтірілген шығын қысқа мерзім ішінде өтелетін болады. Әлі де болса, Астана су қоймасынан секундына 350 куб метр көлемінде су жіберілуде. Су тасқынымен күресуге 2,5 мың адам ресурстары, 1 мыңнан астам техника, мотопомпа мен жүзу құралдары тартылды»,-деді спикер.