Балаларға және зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету мақсатында жергілікті жерлерде 300-ден астам мектеп психологтары жұмыс жасауда. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің белсенді араласуы ұйымдастырылды. Зардап шеккен елді мекен балалары оқу құралдарымен, онлайн оқыту үшін қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.
«Интернет жылдамдығы нашар ауылдық мектептерді Starlink жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша 6 сәуірден бастап 11 балаларды сауықтыру орталықтарына зардап шеккен өңірлерден балаларды қабылдау басталды. Мұнда оқу процесі қатар ұйымдастырылады. Балаларды қабылдаудың алғашқы күнінде Ақмола облысындағы «Жасдәурен» балаларды сауықтыру орталығы 80-нен астам баланы қабылдады»,-деді спикер.
Балаларды сауықтыру орталықтарына ұйымдасқан түрде тасымалдау мақсатында қауіпсіздік бойынша және ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам білім саласының қызметкерлері волонтерлер қатарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда, оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс жасауда. Осы орайда ведомство ұстаздар мен барлық білім беру қызметкерлеріне алғыс білдіреді.