Бұл ауыз судың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді.


«Күрделі су тасқыны жағдайы байқалатын барлық өңірде су қауіпсіздігінің сапасына күшейтілген зертханалық мониторинг жүргізіледі. 4 мыңнан астам су сынамасы іріктеліп, зерттелді. Бұл орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтауға қатысты. Сәйкессіздік көрсеткіштері минималды және өткір ішек инфекцияларының пайда болу қаупі үшін маңызды емес», - деп сендірді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.


Сонымен қатар жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тұрғындар орналасқан эвакуациялық пункттерде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кезекшілігі қамтамасыз етілді, олар халық тұратын жерлерде санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, сумен жабдықтауды, тағамның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды қамтамасыз етеді.