Жедел деректер бойынша еліміздің 7 өңірінде су тасқыны салдарынан 5 711 бас мал өлді. Оның ішінде ІҚМ – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары бар. 


«Алғашқы күндерден бастап, су басқан аумақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар. Бүгінгі таңда 1013 бас, соның ішінде ІҚМ -133,ІҚМ – 809 және жылқы – 64 өртеліп жойылды»,-деді спикер.


Ауыл шаруашылығы министрі, салаға жетекші  вице-министр және Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аумақтарға барды. Ал, қазіргі уақытта АШМ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы бағытында жұмысты үйлестіру үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленді, ол халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізілді.