Су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау үшін барлық өңірде қажетті инертті және басқа да материалдар дайындалады. Қазіргі уақытта 100 мың текше метр құм, 40 мың текше метр қоқыс тас, 325 мың текше метр қиыршық тас, 75 мың текше метр ПГС және 150 мың дана қап дайындалды.


«Еріген суларды өткізу және автожолдарды күтіп ұстау учаскелерінде су басуды болдырмау үшін су өткізу құбырларын 100% - ға тазарту жүргізілді. Ағымдағы жылғы 7 - сәуірдегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 5 облыста (Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары)жалпы ұзындығы 3430 метр болатын жол бөлігі арқылы 9 су басу кету тіркелді. Су басқан учаскелерде жол жиегін құм салынған қаптармен нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, инертті материалдар төгілді және еріген суды бұру үшін траншея қазылды, ескерту жол белгілері мен сигналдық бағаналар орнатылды»,-деді спикер.


Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру автожолдарды ұстауға бөлінген қаражат шеңберінде көзделген. Жалпы, су тасқыны қаупі бар учаскелерде жолдарды реконструкциялау шеңберінде бірқатар жұмыс жүргізілуде. Мәселен,  жасанды құрылыстардың қосымша құрылысы, су өткізгіш құбырлардың диаметрлерін және олардың санын ұлғайту, жер төсемі үйіндісінің биіктігін арттыру жүргізіліп жатыр. 


«Жүргізіліп жатқан шаралар жол учаскелерінің бұзылуын болдырмауға және көлік құралдарының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елді мекендерге қауіп төндірмеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еріген қар суының үлкен көлемде өткізуге мүмкіндік беру үшін жол бөліктерін мәжбүрлі бұзу жұмыстары жүргізілуде. Қалпына келтуді қажет ететін жол төсемі мен жасанды құрылыстарға ішінара зақым келді»,-деді ведомство өкілі .