«10 өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарында 17 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. 1900-ден астам теxника, 500 бірлікке жуығы - сору теxникасы мен жүзу құралдары бар. Төтенше жағдай аймақтарынан 70 мыңнан астам адам көшірілді. Оның 17 мыңға жуығы – балалар. Ауа райы болжамы бойынша таяу арада күн жылы болады. Қардың жылдам еруі және су айдындарының толуы жалғасатын болады. Бүгінгі күні қар жатқан жерлер жалпы еліміз бойынша 15%, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 40%-ға жуық болып жатыр»,-деді Премьер-министрдің орынбасары.