Атырау облысында Жылыой ауданында ТЖ режимі сақталуда, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй су астында қалды, ТЖ аймақтарынан 29 мыңнан астам адам, оның ішінде 7 мыңнан астам бала эвакуацияланды
«Кеше және бүгін біз су басқан елді мекендерге бардық. Бүгінде Жем өзенінің ағысымен Ақтөбе облысының шекарасына дейін өзендегі су деңгейінің төмендеуі байқалады. Соңғы тәулікте судың жалпы деңгейі 6 см-ге төмендеді, бірақ біз Құлсары шегінде судың жоғары ағыс бойынша үлкен көлеміне байланысты тағы 3-4 күн ішінде су түсетінін болжап отырмыз», - деді Қанат Бозымбаев.
Сонымен қатар Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейінің болжамды көтерілуіне байланысты Ақтөбе облысының Елек өзені ағынының, Ресей Федерациясының Ирикли су қоймасынан төгінділердің жоғарылауына байланысты аймақта Жайық өзені бойынша су басу қаупі сақталады. Бұл өте үлкен тәуекелдер.
«Мен облыс әкімдігіне мүдделі мемлекеттік ведомстволармен бірлесіп, екі күн мерзімде Жайық өзенінің алдағы су тасқыны болжамын аяқтау туралы тапсырма бердім. Біз Атырау облысындағы Жайық өзенінде және Атырау қаласының шекараларында су деңгейінің 15-20 күнге артуын болжап отырмыз»,-деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
Әкімдік болжам негізінде қорғаныс бөгеттерін салу бойынша нақты жоспар әзірлеуде, сондықтан да ТЖ режимі жарияланды. Ертең бұл жоспар республикалық штаб отырысында қаралатын болады.
«Дүрбелеңге еш себеп жоқ. Алдағы 10-15 күнде Атырау қаласындағы Жайық өзенінің ағылуына ешқандай себеп жоқ. ТЖ режимі Атырау облысында 15-20 күннен кейін келетін үлкен суға тез және нақты дайындалу үшін ғана жарияланды», - деді Қанат Бозымбаев.
Облыста авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 9 мың адам, 234 бірлік техника, 36 су айдау және жүзу құралдары тартылды.
Вице-Премьер басқа аймақтардағы жағдайға да тоқталды. Ауқымды проблемалар жоқ. Су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істейді.