Қостанай ауданы мен Рудныйда 7,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 44 бала бар. 


«Жеке құрам мен сырттан келген волонтерлар, әскерилер, полиция департаментінен 2700 – ден астам адам қызмет етуде. 443 техника, 144 су сорғыш заттар бар. Қостанай облысына Қызылорда облысынан, Қарағанды облысынан, Астана қаласынан 285 адам, 21 техника көмекке келді. Құтқару жұмыстары жалғасуда»,-деді спикер.