ОКҚ алаңында «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова хабарлағандай, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтіп, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады.
«Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында қатты жаңбыр жауады, найзағай болады. Тек елдің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – деді ол.
Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл, бұршақ жауады деп күтіледі.