Волонтерлар су тасқынына қарсы іс-шараларға, халықты эвакуациялау және гуманитарлық көмек таратуға белсенді атсалысуда. Өңірлердегі еріктілердің жұмысын жастар ресурстық орталықтары үйлестіреді. Бұл туралы Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының директоры Абай Дүйсеков ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.
7 сәуірдегі жағдай бойынша су басу қаупі жоғары аймақтарда жасақталған еріктілер саны 1 760 адамнан асқан. Олар Рудный, Қостанай қалалары мен Қостанай ауданында. Өңірлер бойынша еріктілер саны – Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарында – 350, Денисов ауданы – 100, Б. Майлин – 110, Рудный қаласы – 250, Қостанай ауданы – 270, Қарабалық ауданы – 65, Қамысты ауданы – 70, Лисаков қаласы және Әулиекөл Алтынсарин, Сарыкөл аудандары - 60, Жітіқара, Қарасу, Ұзынкөл аудандары – 55, Меңдіқара ауданы – 45, Наурызым ауданы -35, Федоров ауданында 60 ерікті жұмыс жасап жатыр.
«Қостанай қаласында 1 240-тан астам ерікті жұмылдырылған, 2 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Төсек жабдықтарын және т.б. жинап, Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының эвакуациялық пункттеріне жеткізу, ыстық тамақ тарату жалғасып жатыр.2 – бағытта қаптарды құммен толтырып, бөгет орнатылуда. Қазіргі уақытта өңірлердегі барлық ерікті эвакуация туралы үшін үй-үйді аралап, бөгеттерді нығайту, арықтар мен су арналарын бұрып, азық-түлік жеткізу, қаптарды құммен толтыру, оңтүстік өңірлерде Арқалық қ., Амангелді және Жангелді аудандарында гуманитарлық көмек тарату сияқты жұмыстарға жұмылдырылған. Қостанай облысының қала мен аудандарынан келген еріктілер Қостанай ауданының Тобыл қ. тұрғындарына су тасқынына қарсы жұмыстарда ауқымды көмек көрсетуде», – деді спикер.
7 сәуірде Тобыл қаласына Меңдіқара ауданынан 200, Алтынсарин ауданынан 100, Федоров ауданынан 50, Рудный қаласынан 70 ерікті келді. 8 сәуірде Б.Майлин ауданынан 50, Қарабалық ауданынан 30, Ұзынкөл ауданынан 200 ерікті тұрғын үйлердің су басу қаупі бар аумақтарын бекітуге көмек қолын созған.