Оның айтуынша, облыстағы 35 үйдің ауласына су кірді. Тиісті жұмыстардың арқасында, су үй аулаларынан шығарылды. Өңірде 310 су қоймалары бар. Су толтыру штатты режимде жүргізіліп жатыр.
2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі өткен жылы комиссияның отырысында қаралды. Биыл су тасқыны кезінде ешқандай оқыс-оқиғалар болған жоқ. Тек Іле ауданында бір су қоймасында судың ағылуы тіркелді. Қауіптің алдын алу жұмыстары толық атқарылды.
«2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі 2024 - жылғы 30 қаңтарда Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында қаралды, тиісті су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін облыс әкімінің «2024 жылы халықты, шаруашылық объектілерін және олардың ықтимал залалын азайту мақсатында ықтимал қар көшкіндеріне, су тасқынына, сел тасқынына дайындық туралы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы шығарылды, сондай-ақ шеңберінде су тасқынына қарсы негізгі іс-шаралар өткізіліп жатқан «2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары» мен «Алматы облысының аумағында 2024 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жөніндегі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді», – деді спикер.
Мәселен, осы жылдың басынан бастап елді мекендерден 3,7 мың текше метр шығарылды. Арық желісінің 347 шақырымы, 156,9 шақырым арналар, автожолдардың астындағы 157 бірлік су өткізу құбырлары, темір жолдардың астындағы 7 бірлік су өткізу құбырлары және 82,1 шақырым су бұру каналдарының құрылысы тазартылды.
Көктем-2024» РКШЖ аясында 6 су тасқыны қаупі бар учаскелерде 1,8 шақырым арықтар, 35 автожолдар астындағы су өткізу құбырлары тазартылып, 150 мың текше метр қар шығарылды.
«Қосымша профилактикалық мақсатта ТЖД-нің аудандық бөлімшелері 255 елді-мекенді қамти отырып, 211 рейд жүргізді, әлеуметтік желілер арқылы 722 жарияланым/мақала жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылға облыс әкімдігінің резервінде 2 млрд 16 млн теңге қарастырылған. Аумақтық ТЖД-не алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 110,6 млн теңге бөлінді», – деді спикер.
Су тасқыны жағдайы асқынған жағдайда жалпы саны 1326 адам, 471 бірлік техника, 126 мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары, 35 460 қапшық қарастырылған облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының топтамасы құрылды.