Кеше сағат таңғы 08-00 де су деңгейі келісі шығысы секундына 350 текше метр болды. Соңдай-ақ, күндіз 15.00-де 300, ал 18.00-де 200, бүгін таңғы 04.00-де 100 текше метрге дейін азайды. Қазіргі сәтте секундына 100 текше метр су транзиттік режимде жіберіліп отыр. 2 сағат сайын қоймадағы су деңгейі тексерілуде.
Жалпы осы уақытта су тасқынына қатысты жағдай облысымызда тұрақты деңгейде. Облыс әкімінің төрағалығымен Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда. Ахуалды толығымен бақылап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай 6 ауданда және Ақтөбе қаласында жарияланды.
Қазіргі таңда облыстағы 27 елді мекенде 695 абонент тұрақты жарықсыз қалып отыр. Олардың 500-і тоқ беретін генератормен уақытша қамтылды. Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі салдарынан облыстағы 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. Қалпына келтіру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізілуде. Бүгін «Алға-Қарабұлақ» бағытындағы айналма-жолы ашылды. «Алға-Бесқопа» бағытындағы қатынас қайта қалпына келтіріледі.
«Үшінші. Біржолғы әлеуметтік төлем бойынша. Су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан бүгінгі күні 206 адамға 64 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда. Төртінші. Тартылған күштер мен құралдардың саны бойынша. Барлық аймақтарда жұмылдырылған күштер мен арнайы құралдардың саны 720 адам жеке құрам, 185 бірлік техника, 11 су қайықтары. 8 су сорғыш. Бесінші. Зақымданған үй–жайлар бойынша. Су тасқыны салдарынан облыста 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 852 саяжай үйлері зақымданған»,-деді спикер.
Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 215 тоннасы мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 500 волонтер ат салысуда. Соңдай-ақ, бүгін түнде Қырғызстан Республикасының атынан гуманитарлық көмек келді.
Су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығындарды есептеу мақсатында әр ауданның жеке комиссиясы құрылып, 2652 өтініш қабылданып, бағалау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес зардап шеккен тұрғындардың барлығына шығындарды өтеу жүргізіледі.