Авариялық-құтқару жұмыстарына 23 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық бірлік техника, 448 су сору техникасы және 131 суда жүзу техникалары мен 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Соңғы тәулікте жеке құрамның 525 адамы және 100-ге жуық техникасы жұмылдырылған ТЖМ күштері мен құралдары Алматы қаласынан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облысынан, сондай-ақ Астана қаласындағы Қорғаныс министрлігінің 58665 әскери бөлімін Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтілді», – деді спикер.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 млн  млн астам текше метр еріген қар суы тартылды, 1,2 млн-ға жуық қапшық және 1 млн тоннадан астам инертті материал төселді. Ақтөбе облысы мен Қостанай қаласына Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Қалған фуралар Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына бара жатыр. Бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасының ТЖ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

«Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 28 ТЖ әрекет етеді», – деді ведомство өкілі. 

ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялық пунктерден тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады.