Оның мәлімдеуінше, іске қосылған 70 эвакуациялық пункте тәулік бойы дәрігерлер, орта медициналық персонал кезекшілік ететін медициналық посттар орналастырылған. 300-ге жуық медицина қызметкері жұмылдырылған. Су басқан аймақтарда бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің қоры жеткілікті. 

«Су басқан аймақтарда орналасқан стационарларда барлығы 103 адам ем алуда. Оның басым бөлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында. Оларға хирургия, травматология, акушерлік және гинекология, педиатрия сияқты бейіндер бойынша медициналық көмек көрсетіледі. 6 - сәуірде су басу қаупіне байланысты Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық орталық ауруханасына Жылыой аудандық ауруханасынан 51 науқас көшірілді. Олардың барлығы емдеу хаттамаларына сәйкес жоспарлы көмек алуды жалғастыруда. Бейнеу қаласында медициналық көмек көрсету үшін Ақтау қаласындағы облыстық стационарлардан қосымша 8 дәрігер іс-сапарға жіберілді», – деді спикер.

Су тасқыны аймақтарынан эвакуацияланған 560 адамның әртүрлі созылмалы аурулары бар. Олар орналасқан жері бойынша толығымен тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Атырау, Құлсары қалаларында денсаулық сақтау саласындағы жағдай тұрақты. Су тасқынына байланысты азаматтар медициналық көмекке жүгінген жоқ, медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. 

«Қостанай қаласында су тасқынынан зардап шеккендер үшін 88 эвакуациялық пункт ашылды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар үшін қала стационарларында қосымша 195 төсек-орын орналастырылды. Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупіне байланысты облыстық кардиологиялық орталық ғимаратында емделіп жатқан пациенттер қалалық көпбейінді ауруханаға ауыстырылды, онда 111 төсек-орын берілді. Барлық 109 пациент ем алуда», – деді ведомствоның ресми өкілі.  

Төтенше жағдайлар министрлігінің желісі бойынша «Қызу желі» телефондарына су тасқыны басталған сәттен бастап 1 072 қоңырау келіп түсті, 74 жағдайда психологтардың тарапынан шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Кеңес алу үшін зардап шеккен адамдарға 36 психолог жұмыс істеуде. 

«Жалпы ел бойынша инфекциялық аурулардың түрлері бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда. Республика халқының арасында жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 42 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, сібір жарасы, іш сүзегі, құтыру, туляремия, сіреспе аурулары тіркелмеген»,-деді Ә.Оразалиева.

Сонымен қатар 26 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы 5 есе, скарлатина 27,5%-ға, бруцеллез 24,9%-ға, ротавирустық инфекция 23%, эхинококкоз 24,9%-ға, энтеробиоз 15,5%-ға, сальмонеллез 9%-ға төмендеді. 2024 жылғы ақпанда қаңтармен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 33%-ға төмендеді.