Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталуда.
«Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің шығысында – түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр, батыста қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыста, елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – деді спикер.
Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде. Батыста, оңтүстік-шығыста – найзағай болады.