Бүгінгі таңда 4,1 мың бас өлген малдар жойылды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасатын болады.
«Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді. Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды. Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек», – деді спикер.
Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады. Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалатын болады.
Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.