Бүгінгі таңда Астанадан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Жүктер кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, қауымдастықтар, еріктілер, сондай-ақ бей-жай қарамайтын азаматтардың көмегі арқасында қалыптастырылды.

Өңірлерге азық-түлік, жылытқыш техника, қайықтар, генераторлар, күректер, 400 мың қап, балалар заттары, гигиена құралдары, шатырлар, төсек-орын жабдықтары, резеңке заттар жіберілді. Көмек жүк жолдарымен де, елдің авиакомпанияларымен де жеткізіледі.

«Астанадан еріктілер өңірлердің штабтарына жіберіледі, олар су айдау, азық-түлік жеткізу жұмыстарына тікелей қатысады, су басудың алдын алу бойынша жұмыс процестеріне қатысады, қаптарды құммен толтырады, заттарды қабылдайды және орайды. Үлкен физикалық жұмыс жүргізілуде, көптеген еріктінің жұмысы білінбей қалады, бірақ соған қарамастан олардың арқасында үлкен және үйлесімді жұмыс жүргізіліп жатыр. Олар өңірлермен байланыста, халықты белгілі бір ресурстардың қажеттілігі туралы хабардар етеді», – деді ерікті.

Қазіргі шаралар зардап шеккендердің өмір сүру жағдайын реттеуге бағытталған, қазір үлкен қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, зардап шеккендердің бұрынғы жағдайын қалпына келтіру қажеттілігі бар, сондықтан Эльвира Есмұханова барлық мемлекеттік органдар мен еріктілерді ресурстарын біріктіруге шақырды.