2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 1 сәуірге дейін ылғалдың жинақталуы кезеңіндегі жауын-шашын көлемі таулы аймақтардағы өзендердің (Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы) суға толуының негізгі көрсеткіші болып табылады. «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова 2024 - жылдың вегетациялық кезеңіне Қазақстанның таулы өзендері бойынша гидрологиялық болжамды жариялады.
Жерді қашықтан зондтау суреттерінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның таулы аумағын қармен жабу алаңы мынадай:
- Жамбыл облысы 2% ;
- Түркістан облысы 2%;
- Алматы облысы 14%;
- Жетісу облысы 18%;
- Абай облысы 9%;
- Шығыс Қазақстан облысы 63%.
«Метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректеріне сәйкес, тәулігіне жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Температураның көтерілуі және қатты жаңбыр кезінде Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендер аймақтарында жаңбыр суының көлемі айтарлықтай ұлғаюы мүмкін», – деді спикер.