Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 471 жеке тұрғын үй, 433 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 8,5 млн астам текше метр еріген қар суы тартылды, 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Су тасқыны басталғалы бері 97 636 адам, оның ішінде 32 814 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 181 адам, оның ішінде 3 509 бала орналастырылды. «Жедел желі» телефонына 1 294 қоңырау түсті, психологтар 93 зардап шеккен адамға писхологиялық көмек көрсетілді.
«Су жүрген су шайған 110 автожол, оның ішінде 9 көпір және 101 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатты. Қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылған. 68 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 мыңнан астам адам, 3 мыңға жуық бірлік техника, 16 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді спикер.