Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жангелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған режимі жалғасуда. 10 - сәуірдегі жағдай бойынша облыстың су қоймаларындағы су деңгейі орта есеппен 60 см-ге төмендеді, алайда Қаратомар, Жоғарғы Тобыл, Желқуар, Амангелді су қоймалары ерекше бақылауда. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов баяндады.
Облыс бойынша су тасқыны кезінде барлығы 9099 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 1808-і балалар. ТЖ жоюға 2 499 адам және 427 бірлік техника, 137 мотопомпалар, 28 жүзу құралдары мен тікұшақтар жұмылдырылды. Ағымдағы тәулікте облыс бойынша 13,5 мың текше метр еріген су тартылды.
Республикалық және облыстық жедел штабтар тәулік бойы режимінде жұмыс істейді, еріген су басудың ықтимал тәуекелдеріне үздіксіз мониторинг жүргізіледі. Жедел желіге ақпараттық сипаттағы 203 қоңырау келіп түсті, 9 азаматқа шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.