«Ауыл партиясының» жастар қанаты Ақтөбе облысына келіп, гуманитарлық көмек жеткізді. Сондай-ақ ұйым өкілдері зардап шеккендерге 14 қанатты 2 киіз үй құрып жатыр. Бұл туралы «Ауыл партиясы» жанындағы «Ауыл жастары» ЖҚ төрағасы Дәурен Рахымбек ОКҚ алаңында хабарлады.

Спикердің айтуынша, таңертең жол ашылғанда гуманитарлық көмек аудандарға жеткізіле бастайды. Бұл гуманитарлық көмекті ҚХА, қоғамдық ұйымдар, «Ауыл партиясының» Жамбыл өңірлік филиалы, «Қызыл ай» ұйымы бірлесіп жинады.