Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (қарға айналатын жаңбыр), күндіз жаңбыр күтіледі.
«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың мәлімдеуінше, 11-12- сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда.
Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі.
Ел аумағының көп бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды. Тек елдің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 - сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.