Су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде. Қаратомар су қоймасынан суды ағызу 900 м3/сек дейін төмендетілді, сондай-ақ, судың ағыны 1382,5 м3/с дейін азайғандығы байқалады.
Еріген қар суы басқан аймақтардан 9099 адам эвакуацияланды, сонымен бірге бүгінгі таңда Қостанай облысының оңтүстігінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үйлеріне оралды, Торғай ауылындағы эвакуациялық пунктерде тұрған 600-ден астам адам өз ауылдарына қайтты. Мұндағы барлық эвакуациялық пункт жабылды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов ОКҚ алаңында осылай деді.
«Облыс бойынша су тасқыны кезеңінде барлығы 850 мың м3 астам су тартылды, 98 мыңнан астам қап қапшық төселді, 7,5 мың тоннадан астам инертті материал төселді. 423 бірлік техника, 136 мотопомпа, 27 жүзу құралы, 4 әуе кемесі және т. б. жұмылдырылды. Халық азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Біржолғы әлеуметтік төлемдерді төлеу басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгінгі таңда 686 отбасына 126,6 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек берілді», – деді спикер.