Мемлекет басшысы су басқан өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігін қорғап, құқықтық тәртіп пен қараусыз қалған мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Барлық күш пен құрал құтқару қызметі мен қалпына келтіру шараларына бағытталған. Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция зардап шеккен 43 елді мекенді және 9 мыңнан астам тұрғын үйлерді және басқа да нысандарды, яғни мекемелер, дүкендерді ішкі істер органдары қорғауға алды. Ұрлық-қарлыққа жол берілген жоқ. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ОКҚ алаңында хабарлады. 

«Біздің қызметкерлер тұрғындардың қауіпсіздігін және олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Квадрокоптерлердің көмегімен бақылау жүргізеді. Қажет болса, олар тұрғындарды эвакуациялайды. Мәселен, Ақтөбе облысында су басқан аудандар қоршауға алынды. Бірақ біз бұл аудандардың тұрғындары кім екенін нақты білмейміз. Осыған байланысты жоғарыдан да, квадроциклдермен де бақылау жүреді. Олар фото арқылы ауылдың чаттарынан жедел дерек алып, оны журналға енгізеді», – деді спикер.