Су тасқыны басталғаннан бері 10 өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік көрпорациялардан 767 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өткізілді. Өңірлерде төтенше жағдай кезінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен қамтамасыз етудің сауда объектілерімен жасаған меморандумдар бар.
«Су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін еліміздің 10 өңірі бойынша 46 әкімшілік қаулы шығарылды, оның ішінде 6 айыппұл салынып, 40 ескерту берілді. Естеріңізге сала кетейік, бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8(7172) 74-37-35 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлия Әбдірахманова Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.