Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жангелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі қолданысын жалғастыруда. Желқуар, Жоғарғы Тобыл, Қаратомар су қоймаларына ерекше назар аударылған.
«Облыс бойынша су тасқыны кезінде барлығы 9099 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 1808 бала бар. ТЖ жоюға 2 088 адам, 363 бірлік техника, 136 мотопомпалар, 25 жүзу құралдары жұмылдырылды. Ағымдағы тәулікте облыс бойынша 284 мың текше метр еріген су тартылды», – деді Қостанай облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ескендір Кубаев республикалық ақпараттық штабтың брифингінде.