БҚО бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс бойынша жергілікті масштабтағы 6 төтенше жағдай жарияланды. Облыста Жайық өзенінде судың көтерілуі байқалуда. Қазіргі таңда 13 068 мың адам эвакуацияланды. Қазір облыста 161 эвакуациялық пункт бар. Қазір  олардың 20-сы жұмыс жасайды. Бұл жерлерде 1800-ден астам адам орналасқан. Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында хабарлады.

«Қазіргі таңда 1 жолды құю  мен 63 жолды шайып кету жағдайлары қатаң бақылауда тұр. 9 елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр. Бір млн текше метрден астам еріген қару суы тартылды. 320 мыңнан астам қапшықтар төселді. Келіп тұрған жалпы қауіп ол Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі болып тұр. Облыста еріген қардан келетін қауіп сейілді. Көршілес РФ Орынбор облысы Ирикла су қоймасынан келетін судың жылдамдығы 720 текше метрге дейін түсті», – деді спикер. 

Соңғы бір тәулікте Жайық өзеніндегі судың деңгейі - 7 метр 31 см. Тәулік бойынша 7 смкөтерілгені байқалды. Оның қауіпті деңгейі 850 см болып есептеледі. Облыста 25 мыңнан астам қапшық төселді. Облыс бойынша жағдай бірқалыпты күрделі және қатаң бақылауда.