29 наурыздан бастап Алматы қаласында волонтерлік штаб жұмысын бастады. Оған қаланың 20-дан астам волонтерлік ұйым, 150-ден астам волонтер және 100-ден астам курсант тартылды.

Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Бағдат Анарбаеваның айтуынша, 131 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Орал қаласына 10 тонна, Атырау облысына 36 тонна, Ақтөбе облысына 20 тонна, Атырау облысы, Қостанай облысы және Петропавл қаласына 65 тонна жүк жіберілген болатын. Қосымша 60 тонна гуманитарлық көмек өңірлерге жіберілмек.

«Еліміздің әуе компаниялары бізге қолдау көрсетіп, бірнеше рейспен күнделікті әр өңірге тез тасымалдап жытырмыз. 15 сәуірде Атырау облысына төсек-орын, көрпешелер сынды гуманитарлық көмек жіберіледі. Бұған дейін Атырау облысына 8 мыңнан астам дәрі-дәрмек жөнелтілген», – деді спикер.