Бүгінде өңірде су тасқынының салдарын жою жұмыстары қарқынды жүруде және оның оң динамикасы көрінуде. Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек берілуде. Біржолғы әлеуметтік төлемді беру 6 сәуірден басталды. 681 отбасыға 220 млн теңге төленді. Қосымша 494 отбасының құжаттары қаралуда. Су тасқыны басталған күннен бүгінгі күнге дейін 44 елді мекен электр энергияга қосылды.

«Қазіргі таңда 11 елді мекенде 172 абонент электроэнергиясынан ажыратулы, дегенмен барлық тұрғындарға уақытша тоқ берулі. Электр қуатын қалпына келтіру жоспары құрылды. Оған орай 7 күн ішінде жұмыстар аяқталады.

Су тасқыны салдарынан облыстағы 9 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ, су тасқыны кезінде 17 елді мекен болған. Көлік қатынасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үйлерін бағалау жұмыстарының бастапқы қорытындылары алынуда. Осыған орай, аудандарда тұрғындарға төлемдер жасау жұмыстары басталды», – деді спикер.