Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 544 жеке тұрғын үй, 567 аула аумағы және 1 778 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 071 тұрғын үй мен 1 931 аула аумағынан су бұрылды.
«Қардың тез еруі және Жабай, Боқсық, Жолболды, Қалқұтан, Есіл, Торғай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Атбасар, Бұланды, Астрахан, Жақсы аудандарында он екі елді мекенінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында алты елді мекенінде, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 673 адам алдын ала эвакуацияланды. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 35 ТЖ әрекет етеді», – деді спикер.
ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады.