«Қазгидромет» РМК 11-16 сәуірге жасаған болжамына сәйкес, теңіз деңгейінің орташа мәні Солтүстік Каспийде минус 28,75 м, Орта Каспийде минус 29,14 м жуық болады деп күтілуде. «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың айтуынша, желшегерме-желкөтерме құбылыстары күтілмейді, теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды.
«Қазгидромет» РМК бақылау пункттерінің деректері бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі орташа деңгейі минус 29,19 м, минус 28,69 м-ден минус 29,56 м-ге дейін ауытқумен, ал шығыс бөлігінде орташа деңгей минус 29,26 м белгісіне жақын болды.
Айта кетейік, осы кезеңде теңіздің қазақстандық бөлігінің орташа деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша байқалған тарихи ең төменгі фондық теңіз деңгейінің - минус 29,01 м белгісінен төмен тұр.