Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған. Суару маусымына дайындық үшін 110 су шаруашылығы нысаны жөнделуде.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасының орташа толуы 99% -ды құрайды. Олардағы су тасқыны шыңы өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағынын арттыру жалғасуда, сондықтан Ақмола облысының Атбасар қаласында су тасып жатыр.
«Астана су қоймасына түсетін суды ағызу транзиттік режимде жүргізіледі. Су тасқыны шыңы өтті, су қоймасына ағынның төмендеуі байқалады. Тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы тасқын суларды қауіпсіз ағызу жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% - ға толы, су тасқыны жалғасуда. Аймақтағы жағдай шиеленісті болып қала береді. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа толтырылуы 97%-ды құрайды. Өңірдегі жағдай тұрақты. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа толтыру 80%-ды құрайды», - деді спикер.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 97%-ға толды. Аймақта су тасқыны кезеңі басталды. Шүлбі су қоймасына құятын жанама ағындардың ұлғаюына байланысты су ағызылуда.
Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасының орташа толуы 72%-ды құрайды. Иреклі су қоймасынан төгілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Ол 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде. Қарағанды облысында 4 ірі су қоймасы 100%-ға толды, өңірде су тасқыны шыңы өтті. Жағдай тұрақты. Қостанай облысында 2 ірі су қоймасының орташа толуы 92%-ды құрайды, су тасқыны шыңы өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмыс істейді. Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік және екі сағаттық мониторинг жалғасуда.