Департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, Сергеев су қоймасының толымдылығы 173% құрайды, осы сағатта су қоймасына аққан су – 382 см.
«Бір апта бұрынғы көрсеткішке қарағанда бұл аз. Тарихи максимум 425 см болды, бірақ Петропавл қаласының 3 ауданын су басу қаупі сақталуда», – деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Еріген қар сулары аса қауіп төндірмейді, қар жамылғысы - 10% дейін жетеді. Бірақ Есіл өзеніндегі су тасқыны аймаққа қауіп төндіріп тұр.
«564 үй су астында қалды. 3421 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1054 бала. 44 адам үйлеріне оралды, оның ішінде 8 бала», – деді спикер.
Жалпы, 4593 адам және 853 бірлік техника, 476 мотопомпа және 110 жүзу құралы жұмылдырылды.
«Қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», – деп түйіндеді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы.