«Солтүстік және Оңтүстік циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР көп бөлігінде найзағайлы, жаңбырлы ауа райын тудырады, оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр қатты жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). ҚР бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Өткен тәулікте шығарылған дауылды гидрологиялық ескертулер: Ақмола облысында Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 12 сағат ішінде 21 см-ге көтерілуі жалғасуда. Петропавл қаласында Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің тәулік ішінде 144 см күрт көтерілуі байқалды. Долматово а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт тәулік ішінде 135 см көтерілуі байқалды.
«Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде», – деді спикер.