Бүгінгі күнге дейін өңірде 354 үй тексерілді, 158 үй қалпына келтіруге жатады, олар бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін залал сомасы төленетін болады. Қалпына келтірілмейтін 196 үйдің тұрғындары баспанамен қамтамасыз етіледі.
«Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан мал өлімі осы күнге 971 басты құрады. 214 бас бойынша төлемақы төленді», – деді спикер.
Электр желілерінің 1414, соның ішінде 52 жоғары вольтты тірегі зақымдалған. Барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, бірақ шамамен 16 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатынсыз қалады. Қазіргі уақытта смета әзірленді, қажетті материал, тіректер дайындалуда.
Зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілуде. 828 өтініш бойынша 187 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда.