Эвакуация пунктерінде 400-ден астам мектеп психологы су тасқынынан зардап шеккен балалар мен азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Үкімет эвакуациялық орталықтарда орналасқан балалармен жұмыс істеу алгоритмін әзірледі.
«Осы жағдайда біздің бірінші міндетіміз - су тасқыны және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін балаларды оқумен, қолайлы жағдайлармен және жазғы демалыспен қамтамасыз ету. Қазір эвакуациялық орталықтарда тұрып жатқан балалар оқуын тыныш жалғастыра алуы үшін: бастауыш сынып оқушылары 11 балалар сауықтыру лагеріне жіберіле бастады. 5-8 сынып оқушылары «Дарын», Білім инновация лицейлері және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің интернаттарына орналастырылады. Ал 9-11 сынып оқушылары колледждер мен жоғары оқу орындарында орналасады», – деді спикер.
Жақында Д.Закиева Ақтөбе қаласындағы эвакуациялық пунктке барып, балалармен және олардың отбасыларымен, кеше Атырау облысынан келген балалармен кездесті. Олар қазір Маңғыстау облысы Бейнеуде тұрып жатыр.
Әр облыста өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істейді. Олар өз өңірлерінде болып жатқан жағдайды үнемі тексеріп және туындаған мәселелерді шешумен айналысып жатыр.