Су апатынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету ісіне Қызылордадағы «Облыстық волонтерлер фронт-офисінің» еріктілері де тыс қалмай, өз үлестерін қосуда. Бүгінгі күнге дейін «Жастар орталықтарынан», облыс/қала/аудан орталығындағы сауда үйлері мен базарлардан ашылған пунктерге азық-түлік, құрылыс заттары, киім-кешек, гигиеналық заттар жинақталды. Бұл жайлы Қызылорда облысының «Волонтерлер фронт – офисі» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов ОКҚ алаңында айтып берді. 

Барлық аудан мен Қызылорда қаласынан жинақталған гуманитарлық көмектердің легі Ақтөбе облысына жөнелтілді. Бұл гуманитарлық көмек 25 жүк көлігімен жіберілді. 

«Торғай-Петролиум» акционерлік қоғамының қолдауымен 10 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс және Столтүстік Қазақстан облыстарына жөнелтілді. Қазіргі таңда облыс көлемінде гуманитарлық көмек жинақтау жұмыстары жалғасуда.