Су тасқыны басталғалы бері 107 465 адам, оның ішінде 38 627 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 11 786 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 598 адам, оның ішінде 3 288 бала  орналасты. 9,4 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды, 2 млн қапшық пен 1,2 млн. тоннадан астам инертті материал төселді. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде осындай мәліметтерді жариялады. 

Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 32 484 адам,  3 709 техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды. Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1517 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 

«Жедел желі» телефондарына 1 667 қоңырау келіп түсті, 123 шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс атқарып жатыр. Еліміздің 8 өңірінде: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді», – деді спикер. 

ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады.