Алайда, өңірдің таулы аумақтарындағы қар жамылғысының, ондағы ылғал қорының жоғары көрсеткішін, ауа температурасын және жауын-шашын болжамын ескерсек, сәуір айының ортасына қарай су тасқынының толқыны күтілуде. Әсіресе таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

«Бүгінде аймақта қар жамылғысының көлемі 48% құрайды. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Аймақтағы 132 гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген», – деді ШҚО әкімдігінің ресми өкілі Елжан Кайрканов  ОКҚ алаңында өткен брифингте.