«Төрт облыс бойынша гидрологиялық дауылды ескертулер сақталуда. 16 - сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні бойынша ескерту жарияланды. Абай облысы мен ШҚО бойынша дауылды ескерту бар, мұнда еріген су және беткейлік ағындардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Қостанай облысында 17 - сәуірге дейін облыстың солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Сондай – ақ  Жамбыл облысында 16 - сәуірге дейін таулы және тау бөктеріндегі аудандарда көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде»,-деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ республикалық ақпараттық штабында өткен брифингте.