Ұлытау өңіріндегі Кеңгір, Сарысу, Жезді өзендерін 25 гидротехникалық құрал арқылы бақылау жүргізіліп жатыр. Облыстың 2 ауданында 22 үйді су басу салдарынан жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгінгі таңда сол 22 үйдің тұрғынына шығын сметалары дайындалып, баспананы қалпына келтіру кестелері дайындалып жатыр. Үйлерге толық сараптама жүргізілді. Суға кеткен аймқатағы азаматтарға материалдық көмек көрсетілді. 4 азамат уақытша үкіметтік үйлерге көшірілді. 29 отбасына 100 АЕК көлемінде көмек берілді. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов ОКҚ брифингінде айтты.

«Көрші облыстарға, Қостанай облысындағы Арқалық қаласына гуманитарлық көмек жөнелтіп жатырмыз. Облыс көлемінде істен шыққан 12 жолды қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда 2 жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ бүкіл елді мекен жолмен қамтамасыз етілген. Азаматтардың мал шығындары есептеліп жатыр. Облыста 19 мал қорымы болатын. Ешбір мал қорымына су басу қаупі жоқ. СЭС мекемелері судың сапасы бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Судың зияндылығы туралы ақпарат жоқ», – деді спикер.