СҚО-да жағдай тұрақты түрде күрделі болып тұр. Сергеев су қоймасы 150% - ға толды, су бөгеті шыңынан 2 метр 67 см-ге асты.Күніне 8 см төмендеу болса да, Есіл өзеніндегі су деңгейі әлі де артып келеді, осыған байланысты Қызылжар ауданының жағалауларына жақын орналасқан елді мекендердегі, сондай-ақ Петропавл қаласындағы үйлерді су басу фактілері тіркелді. Қазіргі уақытта облыс бойынша 2123 үй мен 1115 үй маңындағы аулалар су астында қалды. Бұл туралы СҚО ТЖД Ақпараттық- аналитикалық тобының бас маманы Жазира Қожахметова ОКҚ алаңында хабарлады.
«ТЖ жоюға барлық күштер жұмылдырылды. Қазіргі кезде 10 345 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, оның ішінде 2328 - бала, тәулігіне 2947 адам эвакуацияланды, оның ішінде 488-і – балалар. Көшірілген адамдардың 672-сі эвакопункте, қалған 9620 адам туыстарының үйінде орналасқан. 3530 бас мал қауіпсіз жерге айдалды», – деді спикер.
Негізгі соққы Қызылжар ауданындағы Тепличное, Прибрежная кенттеріне тиді. Сонғы тәулікте Большая малышка, Соколовка, Вишневка елді мекендеріне су кіріп, 121 суды басты. 1239 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Петропавлда Хромзавод және Подгора шағын аудандарында 1324 үй су астында қалды. Оның ішінде 5072 адам эвакуацияланды.