«Қазгидромет» РМК 15 сәуірден 15 қазанға дейін Қазақстан облыстары бойынша өрт қауіптілігі туралы болжамдар шығарды. Өрт қаупі бар маусым қар жамылғысы еріген сәттен бастап тұрақты жаңбырлы ауа райы басталғанға дейін болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты.
Оның айтуынша, өрт қаупі құрғақ және ыстық ауа райының ұзақ, тұрақты кезеңіне байланысты. Өрт қаупін сипаттау үшін 5 санат бар.
«4-санат (жоғары өрт қауіптілігі) пен 5-санатта (төтенше өрт қауіптілігі) өрт қауіптілігі көрсеткішіне жеткен кезде Қазгидромет өрт қауіптілігі туралы дауылды ескертулер шығарады және барлық мемлекеттік органдарға, ҚР ТЖМ, облыстардың ТЖД дағдарысты жағдайларды басқару орталығына, қалалардың, облыстардың әкімдіктеріне және басқа да мүдделі органдарға дауылды ақпаратты жеткізудің бекітілген схемасына сәйкес жедел жеткізіледі», – деді спикер.
СМС-хабарламалар түріндегі барлық дауылды ескерту 112 хабарландыру жүйесімен жіберіледі, «Darmen ТЖ – Kazakhstan ТЖД» қосымшасында көрсетіледі, «Қазгидромет» РМК ресми сайтында орналастырылады.
15 сәуірден бастап күнделікті гидрометеорологиялық бюллетеньде Қазақстанның әрбір облысы бойынша өрт қауіптілігі санаттары көрсетілген өрт қауіптілігі болжамы орналастырылатын болады. Ауа температурасы мен жауын-шашынсыз ауа райының жоғары болжамы және өрт қауіптілігі көрсеткішінің өсуіне байланысты дауылды ескертулер барынша алдын ала 1-7 тәулікте шығарылатын болады.