14 сәуірде СҚО-да гуманитарлық көмек алу үшін резервтік қойма ашылды. Біз тәулік бойы жұмыс істейміз-дейді «Ассамблея жастары» РҚБ СҚО бойынша өкілдігінің басшысы Дариға Смайылова.

«Қазір «Ассамблея жастары» өңірлік өкілдігінің белсенділері жеке гигиена құралдарын, азық-түлік өнімдерін жинайды, орайды. Кешеден бастап біз Астана, Көкшетау қалаларынан жүктерді қабылдап жатырмыз, кеше түнде Шал ақын ауданына азық-түлік, киім-кешек жөнелттік. Жақында жүктердің бір бөлігі зардап шеккен аудандарға жеткізілді. Адамдардың өздері де бізге ең қажетті заттарды алу үшін келеді», – деді ерікті.