Абай облысында 700-ге жуық волонтер әр ауданда алғашқы гуманитарлық  көмек көрсету жұмыстарын атқарып жатыр. Өңірде жағдай тұрақталғандықтан, жергілікті еріктілер басқа аймақтарға да жәрдем беруді жөн көрді. Абай облысынан 124 тонна гуманитарлық көмек жиналып, су тасқынынан зардап шеккен БҚО-на жөнелтілді. Бұл туралы Абай облысы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айдос Төлеуканов ОКҚ алаңында айтты.  

«Волонтерлармен қатар, саяси партиялар, Достық үйіндегі штаб және өңір тұрғындарына ризашылық білдіреміз. Сын сағатта бәрі бірігіп, Абай өңірінің жағдайы тұрақталмайынша, ел болып күресіп, басқа өңірлерге де өзінің пайдасын тигізіп жатқан азаматтардың барлығына рахметімізді айтамыз», – деді спикер.