Өңірде ағын судың келуіне байланысты жергілікті мақсаттағы 6 ТЖ жарияланған болатын – БҚО, Орал қаласы және 4 аудан бойынша.

Жалпы саны 13 732 адам эвакуацияланды, оның 2300-і эвакуациялық пункттерде, қалған 11 432-сі туған-туысқандарының үйлеріне орналасты. Өңірде 17 эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр, 24 жолды шайып кету оқиғасы қатаң бақылауда.

«Қазір облыс боынша еріген қар суынан келетін қауіп жоқ. Басты қауіп - Жайық өзені су деңгейінің көтерілуі болып отыр, Соңғы тәулікте оның су деңгейі 7 м 77 см көтерілгені байқалды. Ал қауіпті деңгейі 8 м 50 см болып есептеледі. Сол себепті Жайықтың бойында орналасқан елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстары атқарылуда. Дамбыларды нығайту, Жайықтың жағасын көтеру, биіктету және қапшықтар төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілуде», – деді БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте.